0:00 / 0:00
2021 жылдың қаңтар айында БҚО-да 900-ден астам коронавирус індетін жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары хабарлады. Соңғы күндері жұқпалы індетті жұқтырған науқастардың саны артып, өңір тәж тажалының таралуына байланысты "қызыл аймаққа" енді. "Ковид-19" дертіне қарсы күресті қатаңдату мақсатында бас санитарлық дәрігер Арыспаев жаңадан қаулы шығарды.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың саны артқандықтан БҚО "қызыл аймаққа" енді. Осы айда жұқпалы індетті жұқтырғандардың саны 900-ден асқан. Сала мамандары жағдай тұрақсыз деп қаулы артынан қаулы шығартып, карантин талаптарын күшейтті.
25-ші қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес демалыс күндері сауда үйлері, азық-түлік, азық-түлік емес базарлар мен моншалардың жұмысы тоқтайды. Мектептерге келетін болсақ, қала мен ауылдық жерде орналасқан білім беру ошақтарында 1 мен 5-ші сынып және 9-дан 11 сыныптың оқушылары оқиды. Сыныпта 15 баладан аспауы керек. Мамандар Бөрлі мен Шыңғырлау аудандарында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету процесі ұйымдастырылмайтынын айтады.
Жаңа қаулы 14-ші ақпанға дейін өз күшінде болмақ. Күшейтілген карантиннің салдарынан бұрыннан шығынға батқан кинотеатрлар шектеу кезінде қайтадан өз жұмысын тоқтатып отыр.
Сурет ғаламтордан жүктелді