0:00 / 0:00
Түлектер ҰБТ-ң алғашқы легіне дайын. Қаңтардағы ҰБТ-ға ақылы негізде жоғарғы оқу орындарына тапсыруға ниетті талапкерлер қатысады. Бұдан бөлек, жазғы тестілеу кезінде де шекті балды жинай алмай қалғандар бақ сынай алады. 10-шы ақпанға дейін жалғасатын науқанға 167 мың талапкер өз өтініштерін беріп үлгерген. Жалпы тестілеуге берілген уақыт бұрынғыдай 4 сағатты құрайды. Тек биылдан бастап мүмкіндігі шектеулі оқушыларға қосымша 40 минут беріліп отыр. Көру қиындығы бар талапкерлермен көмекші адамның ілесіп кіруіне де рұқсат етілген. Ғылым және жоғары білім министрі биыл мұндай студенттер саны 1 мыңнан асқанын айтады. Қаңтардағы ҰБТ-ны таңдағандардың 45 пайызы инженерлік техника, ақпараттық технологиялар мамандықтарына ден қойыпты.
САЯСАТ НҰРБЕК ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Өте маңызды тест болғандықтан, оны жиі-жиі ауыстыру дұрыс емес негізі. Сондықтан соңғы үш жылды қарасаңыздар, бір қалыпты, бір жүйемен келе жатырмыз. Адамдарды, талапкерлерді үйретуіміз керек. Ең үлкен өзгешелік 3-4 жылдай болған, енді жылына бес рет тапсыра алады. 00:31 -00:41 167 мың түлек тапсырды құжаттарын. Бұл былтырмен салыстырғанда, 31 мыңға көбірек салыстырғанда».
Тағы бір жаңалық. Қазақстанда ата-аналарға балаларының оқуына ақша жинауға көмектесетін "Келешек" бағдарламасы іске қосылды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 10 қаңтарда президент "Келешек" мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды. Қазақстандық балалар 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтаай алады. 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге); жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) деп белгіленген. Жыл сайын 5-7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген. "Келешек" шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған сақтандыру компанияларында ашуға болады. Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі керек. Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.