0:00 / 0:00
Рождество Христово мерекесі - христиандықтардың басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке Иисус Христостың Вифлеемде дүниеге келуі құрметіне арналған. Қазіргі таңда да Православ Рождествосы католиктердің мерекесінен 13 күннен кейін тойланады. Католиктер Рождество мерекесін 25 желтоқсанда тойласа, православтықтар мерекені 7 қаңтарда атап өтеді.
"Рождество мерекесі қуаныш пен жақсылықтың нышаны. Ол қазақстандықтарды біріктіріп, ар-ожданын орнықтырып, қоғамдағы келісімді нығайтады. Баршаңызды Рождество мерекесімен құттықтаймын! Осы жарқын мерекеде барлығыңызға қуанышты көңіл-күй, шынайы махаббат пен достық, биік рухани байлық тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық, татулық пен молшылық кетпесін!", -деген лебізін Орал Епархиясы ақпараттық бөлімінің жетекшісі Игумен Дорофей білдірді.
Бұл меркені христиандар 20 ғасыр бойы тойлап келеді. Әр үйдің төріне әсем безендірілген шырша қойылып, адамдар бір-біріне сыйлық жасайды, шыршаны айнала би билеп, ән салатын мереке сәні. Діни жоралғылар түнгі сағат 12-де басталды. Ғибадатханаларда шамдар жағылып, келушілер бір-бірін мерекемен құттықтайды. Негізі бұл күнді христиан қауымы шіркеулер мен ғибадатханаларда өткізуге тырысады. Айта кетейік, «Еңбек туралы» Заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес, елімізде Рождество меркесі демалыс күні болып жарияланып келеді.