Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қанды қылмыстың беті ашылды

c 18:03, 02/02/2021 c 409

0:00 / 0:00

Ақсай қаласында адам өлтірген тұрғын қылмыс үстінде ұсталды. Оқиға осыдан 8 ай бұрын болған еді. 22 - ші маусым күні Ақсай қаласындағы барлық күштік құрылымдар аяқтарынан тік тұрған еді. Шаһардағы Қазақстан көшесіндегі үйден өлі дене табылып, қылмыскер сол жерде қолға түсті. 40 жасар Н. есімді қылмыскер досын аяусыздықпен өлтіріпті. Жан түршігерлік оқиғаны көзімен көрген әйел адам сол күнді қорқынышпен еске алады. Жеке басының қауіпсіздігі үшін ол бет-жүзін көрсетпеуімізді сұрады.
Қайғылы оқиға болған күні 1981 жылы туған Н. есімді азамат 36 жасар К. есімді марқұммен бірге ішімдік ішкен. Қылмыскер досын бұрыннан жақтырмай келіпті. Содан оны өлтіру мақсатында жығып құлатып, темірмен басынан 10 мәрте ұрған. Алған ауыр жарақаттан 36 жасар ер азамат сол жерде қайтыс болады. Қанды оқиғаны көзбен көрген азаматша дереу тәтіп сақшысына хабарласқан. Еңбек демалысында жүрген учаскелік полиция қызметкері дереу қылмыс болған орынға жетіп, барлық күштік құрылымдарын шақырған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрғын үйдің артқы жағынан қан-жоса болған марқұмның денесін табады. Қылмыскер марқұмның жеке заттарын пакетке орап, өз көлігіне салып қойған. Мұндағы мақсаты өлі дене мен көз жұмған жерлесінің жеке заттарының көзін жою.
Еңбек демалысында жүріп те қызметтік борышын ұмытпайтын учаскелік полицияның арқасында қылмыс сол жерде ашылды.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.