0:00 / 0:00
Шаһардағы коммуналдық сала мамандары таң сәріден бастап қар тазалауға кіріседі. Ал күні кеше түскен қалың қардан кейін олардың жұмысы тіпті екі есеге күшейді. Ең алдымен көлік жүретін жолдар мен жаяу жүргіншілер жолына жиналған ақ ұлпа қар тазартылуы тиіс. Сәйкесінше оны қала сыртына шығару қажет. Түсіру тобымызбен орталық көшелердегі және жеке сектордағы жағдайларды бақылап шықтық.
НИКОЛАЙ ХОМЕНКО, «ОРАЛ ТАЗА ҚАЛА» ЖШС БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Мұндайда техниканың бары да қуантады. Үш күнен бері екі ауысмыммен жұмыс жасалуда.4 топ қар тазалау жұмыстарына кіиісті. Алдымен адым жүретін жолдар мен тротуарларға құм мен тұз себілуде.
Қала орталығында қар тазалау жұмысы қызу жүргізілуде. Күнделікті жұмысқа 100 ден аса жұмыскер жұмылдырылып 300 текше метр қар қала сыртына шығарылған.Қала тұрғындарының басым бөлігі коммуналшылардың жұмысына риза. Жыл сайын омбы қарды тазалауға жеткілікті қаражат бөлінеді. Айта кететін бір жағдай, аула тазалаушылар жұмысты қиындатып жіберетін көрінеді. Олар шатырдан түскен қарды көшеге лақтырады бұл коммуналдықтар үшін қосымша күшті талап етеді.