Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы облыстық мәслихат қабырғасында "Тәртіптік Кеңестің" кезекті отырысы болып өтті

c 00:00, 06/08/2015 c 699

0:00 / 0:00

Тәртіптік кеңестің кезекті отырысында алғаш болып, Бөкей ордасы аудандық прокуратурасының қаулысы негізінде, Бөкей ордасы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің бөлім басшысы Е.Хаировтің тәртіптік ісі қаралды. Ол аталмыш мекеме теңгерімінде тұрған тұрғын үйлерді жалға беру бойынша жалдау ақыларын өндіруде келісім шартта белгіленген талап шараларын дұрыс орындамаған.Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы, 1 тармағының 10-тармақшасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін Е.Хаировқа тиісті тәртіптік жаза қолдану туралы Бөкей ордасы ауданының әкіміне ұсыныс жолдау туралы шешім қабылдады. Ал, келесі мәселе БҚО Зеленов ауданы, Достық ауылы тұрғынының арызы бойынша жүргізілген тексеру қорытындысы негізінде, сол округтегі жаңадан салынған тұрғын үйге тиісті комиссияның шешімінсіз округке келген дәрігерге уақытша тұруға негізсіз рұқсат беру мәселесі бойынша Зеленов ауданы Достық ауылдық округінің әкімі Б.Амангалиевке қатысты тәртіптік ісі қаралды. Амангалиевке қатысты істі қарау қорытындысы бойынша Тәртіптік кеңес, ҚР мемлекеттік қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексі талаптарының бұзылуына жол бергені үшін, Б.Амангалиевке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Зеленов ауданының әкіміне ұсыныс жасау туралы шешім қабылдады. Жиын аясында бұдан өзге Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысына қатысты тәртіптік істер қаралып, олардың іс-әрекеттерінде құқық бұзкшылық бергілері анықталмағандықтан, тәртіптік істер тоқтатылды.Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының есебі тындалып, оның қорытындысы бойынша кеңеспен тиісті ұсыныстар берілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.