0:00 / 0:00
Жиында белгілі болғандай, Орал қаласының дезинфекциялық станциясының мамандары қаламыздағы қоғамдық монша, сауна және су қауыздарының 35-ке жуық қызметкерлеріне сауалнама жүргізген. Мақсат - нысандардағы тазалық жағдайларының сақталу күйін анықтау. Білгеніміздей, олардың 80 пайызы қоғамдық орындарды дұрыс дизенфекциялау әдісін білмейді мыс. Ал, келушілердің 55 пайызына қоғамдық монша, сауна мен су қауыздарының жай-күйі тіптен көңіл көншітпейтін болып шықты. Ал, дәрігер мамандар болса, дөңгелек үстелге қатысушы кәсіпкерлерге сауна мен монша, су қауыздарында дұрыс тазарту шаралары жүргізілмеудің салдарынан қышыма, саңырауқұлақ пен педикулез жұқпалы аурулары тарайтындығын атап өтілді. Мұндай жағдайдың алдын алудың басты шарты - дезинфекциялық тазарту шаралары болмақ. Шара соңында қоғамдық орындарды тазартуға арналған заманауи сұйықтықтарды таныстыру да назардан тыс қалмады.