Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалалар ауылға айналады

c 19:10, 03/12/2020 c 769

0:00 / 0:00

Еліміздегі аудандық маңызы бар шағын қалаларға ауыл мәртебесі беріледі.Бүгінде елімізде  48 шағын қала бар. Алайда, 13 қалаға халық саны аздығынан, ауыл мертебесі берілетін болды. Осылайша, тұрғындар ауыл халқына берілетін барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алатын болды. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында  Қазақстан Президентіне жаңа өкілеттік беретін «Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы» заңға түзетулер енгізіліп, қабылданды.

Енді еліміздегі шағын қала тұрғындары бір мезетте ауылдықтар болып шыға келмек. Бүгінде Қазақстанда аудандық маңызы бар 48 шағын қала бар. Бірақ ондағы халық саны іштегі миграцияның салдарынан азайып жатыр. Осылайша, шағын қалаларда қаңырап қалған үйлер, ғимараттар көп. Тіпті инфрақұрылым жоқ. Ал мұндай қалалардағы тұрғындар көптеген әлеуметтік жеңілдіктерден қағылған. Жұмыссыздық орын алған. Жас мамандар шағын қалаларға барып жұмыс істеуден бас тартуда. Бір сөзбен айтқанда бұл қалалардың өміршеңдігі сұрақ тудырып отыр. Мәселенің бір шешімі-халық саны 10 мыңнан аз шағын қалаларды ауылға айналдыру. Ал қалалықтар ауылдық болуға дайын ба? Сенаторлардың айтуынша, аты затына сай келмейтін шағын қалалардың халқы бұл жаңалықты қуана-қуана қабылдайды.

Сенат қабылдаған «Әкімшілік-аумақтық құрылым» туралы заңнамаға осындай түзету енгізілді. Ең бастысы ауыл мәртебесін алған қалалықтар ауылға жасалатын барлық жеңілдікке қол жеткізбек.

Сондай-ақ, осы заңнамаға енгізілген түзетулер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларды өзге елдімекендерге қайта құру жөнінде шешім қабылдау жөнінде өкілеттік береді. Айта кету керек, шағын қалалардағы тұрғындар саны  еліміздегі жалпы қала халықтың 16% құрайды. Үкіметтің 2012-2020 жылдарға арналған  моно қалаларды дамыту бағдарламасы өз нәтижесін көрсете алмағандықтан, енді шағын қалалардың көбі ауылға айналмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.