Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаланы жылыту маусымына дайындау штабы құрылған

c 16:09, 07/08 c 63

0:00 / 0:00

Орал қаласы жылыту маусымына дайындықты ширатқан. Бүгінге дейін жоспарланған жұмыстар шамамен 90 пайызға аяқталған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді. Оралдағы жылу желілерінің тозуы жылға 50,4% құрайды. Қауіптің алдын алу үшін шағын шаһарда инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. 340 мыңнан аса халқы бар облыс орталығының жылу желісінде өткен жылыту маусымында айтарлықтай қауіпті апат болмаған. Ғимарат ішіндегі құбырлардың тарылып, бітелуі тәрізді ұсақ-түйек ақаулар ғана тіркеліпті. Алайда оның бәрі тұтынушыларды желіден ағытпай-ақ жөнделген. Қалада жылыту маусымына дайындау штабы құрылып отыр. Бүгінгі таңда ЖЭО бойынша жөндеу жұмыстарын орындаудың жалпы пайызы 63%, 130,7 млн теңгені құрайды. Орал қаласы бойынша 1210 үйдің 444-і немесе 37%-ы дайын. Қосалқы жабдық бойынша жұмыстардың орындалуы- 61%, құрайды. Әлеуметтік нысандар жылыту маусымын ерте бастайды.
Апараттық кеңесте одан әрі қарай әлеуметтік нысандардың жылыту маусымға дайындығы пысықталды. Алдымен облыстық білім беру басқармасының басшысы аудандары мен қаладағы білім беру нысандары қазандықтарының дайындығын баяндады. Басқарма басшысы  Елдос Сафуллин үстіміздегі аптадан бастап құрылған комиссия аудандар мен ауылдардағы нысандар жұмысын бақылауға алғанын, маусымға дейін бірнеше жылыту қазандықтарының сатып алынатынын мәлімдеді. Облыс әкімі күні кеше тағайындалған жаңа басшының жұмысқа ширақ қарауын, қажетті шаралардың жаңа оқу жылына дейін дайын болуын қадағалауды тапсырды. Білім беру нысандары бойынша жылыту маусымына 612 мекеменің 553-ы немесе 90%-ы дайын. Бұдан соң облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов емдеу мекемелерінің қысқа дайындығы туралы баяндама оқыды. Қалалық денсаулық сақтау ұйымдары жылыту маусымына дайындық аясында ішкі жылыту жүйелерін шаю және қысыммен тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуде. Күзгі-қысқы кезеңге йындық паспорты осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін алынатын көрінеді. БҚО энергетика және ТҮКШБ басшысы Мирас Мүлкәйдың таратқан ақпаратына сүйенер болсақ, облыс аумағында 613 км инженерлік желілерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр, соның ішінде бүгінгі таңда 288 км-ге жуық инженерлік желі жөнделген. 214 кешенді трансформаторлық станциялардың 118-сіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Электрмен жабдықтау жұмыстары жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталмақ. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жылыту маусымына дейін барлық жоспарлы жұмыстардың мақсатына жетуін сала басшылары мен аудан әкімдеріне тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.