0:00 / 0:00
Енді дербес несие есебін БҚО - ның тұрғындарыда ХҚКО-нан 15 миннуттің ішінде тұтына алады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап "Алғашқы несиелік бюросы" ЖШС- мен "ХҚКО" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бірлесе аталмыш қызметті атқаруды бастаған болатын.
ХҚКО мамандарының пайымдауынша өткен 2014 -жылы Республикамызда жеке тұлғаның дербес несие есебін беретін 53 бөлімше ашылған. Несие есебін ұсыну бойынша пилоттық жоба еліміз бойынша қарқынды дамуда дейді мамандар. Бүгінде несие тарихы, қаржы төлқұжаты сияқты, банктер және несие мекемелері үшін несие туралы шешім қабылдауда бірден бір құрал болып табылады.
Сонымен қатар онда тұтынушының ерікті түрде банк қарызын өтеу туралы ақпаратпен төлемді уақытында жасағаны және төлем жасау мерзімін өткізіп алғаны туралы мәлеметтерден құралған.Айта кетейік дербес несие есебінің ерекшелігі онда борышкердің өзінің мәлеметтері толықтай көрсетілген. Толығырақ айтқанда несиенің жалпы сомасы мен мақсатыда жазылған көрінеді.