0:00 / 0:00
Жартылай марафон қала күніне орай ұйымдастырылған шараның бірі. Жүлде қоры 2 жарым миллион теңгені құрайтын шара қайырымыдылық мақсатында алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Бірнеше дистанция бойынша марафонға қатысу ақылы түрде болмақ. Түскен қаражат Ару есімді кішкентай қыздың еміне жұмсалады. Ең ұзағы 21, 5 шақырым дистанцияға жүгіру. Осы себепті қаланың кей жолдарында таңғы сағат 8 ден түскі 12ге дейінгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі.
Барлық қоғамдық көліктер Құрманғазы көшесі мен Ихсанов көшесінің бойымен жүреді. Бұл бағытта ІІДне дейін және Мұхит көшесінің бойында бір бағыттағы қозғалыс қарастырылған. Бұдан өзге де қалада ауқымды шаралар жалғасады. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұылының 100 жылдығына орай "Ұлы дала мұрасы" республикалық домбырашылар байқауы және тәжірибелік конференция ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ 1500 адамның қатысымен бір мезетте күй орындалады.
Акцияға қатысам деушілерге шектеу қойылмайды. Бұл күні қала күмбірлеген күйдің әуеніне бөленеді деп күтілуде.