Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов журналистермен кездесті. Ашық форматтағы кездесуде кездесуде қаланың экономкалық дамуы мен әлеуметтік мәселер талқыланды. Және БАҚ қызметкерлері толғындырған сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алды.Шаһар әкімі бес айдан бері алғашқы галустуксыз кездесуін ашық алаң форматында өткізді. Жинға 10-нан аса журналист түрлі бағытта мәселе көтерді.Көтерілген проблемалар ішінде шаһарды абаттандыру, көгалдандыру, ескі гаражды жою, ауыз су, жолаушылар көлігінің қатынасы, «Ақжайық» шағын ауданына салынатын көпірдің құрылысы заңсыз салынған көппәтерлі үйлердің мәселесі сынды сауалдарға жауап берді.Бұдан бөлек өзекті мәселелерің бірі аулаларды абаттандыру жәйі болды. Әсіресе бұған дейін жөнделген аулалар бүгінде тұрғындардың салғырттығы мен вандализимнің салдарынан бүлініп қалған. Осы орайда тұрғындардың аулаларына алдағы уақытта бейнекамера орнату туралы жоспар бар. Биыл жалпы саны 30 аулада жаңғырту жұмыстары орындалмақ.