0:00 / 0:00
Орал қаласында мектеп оқушыларының 80 пайызы жазғы демалыс лагерьлерімен қамтылған. Тамыз айында туған жазғы лагерьде тынығып жатқан балалардың қарасы қалың. Шаһар басшысы бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып жүрген бір топ оқушымен кездесті. Балалар лагерінің жұмысымен танысқан қала әкімі оған қандай баға берді? Оқушыларға лагерь ұнай ма? Толығырақ арна тілшісі жалғастырсын.
Қала аумағында баланың бос уақытын ұйымдастыру үшін 4 бірдей лагерь жұмыстанып жатыр. Солардың бірі Атамекен лагері. Жыл сайын аталмыш лагерьде жазғы демалыстарын өткізетін жеткіншектердің саны 1500-нан асып жығылады. Шаһар басшысы оқу жылын аяқтап, жазғы демалыстарын аталмыш лагерьде өткізуді таңдаған бір топ оқушымен кездесті.
Сала мамандары облыс орталығында бой түзеген лагерьге өзге өңірлерден келетін балалардың көп екендігін атап өтті.
Лагерьдің жұмысымен толыққанды танысқан шаһар басшысы өткен жылы құрылысы аяқталған хауыздың да жай күйімен қанықты. Қазіргі таңда, алтыншы ауысымда демалып жатқан балалардың көңіл-күйі шад-шадыман.
Балалардың бос уақытын тиімді өткізу мен оларды көзден таса қылмау жазғы маусымдағы басты мақсат болып табылады. Бүлдіршіндердің жаз мезгілінде жан-жақты тұлға болып дамуы келер оқу жылында өз көмегін тигізетіні бесенеден белгілі.