Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАП, АТАҚ АЛ»

c 19:03, 11/08/2022 c 1458

0:00 / 0:00

Көмек қолын созып,мұқтаж жандарға жақсылық жасап, қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ берілетін болады. Бұл жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында министрлік өкілі «Кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықтар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен таныстырған болатын.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»- дейді қазақ. Елімізде мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылықпен айналасатындар жоқ емес. Алайда, ол игі шара қалай жүргізіліп жатыр? Шынымен қайырымдылық қорларына түскен қомақты қаражат сұраған жанның қолына жетіп жатыр ма? деген сұрақтар туындайды. Өкінішке орай әлеуметтік желі бетінде дертіне шипа сұрап, қаржылай көмек беруді өтінушілер көп. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл мәселені заңмен бақылап, табысының бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауға ынталандыруды қолға алып жатыр. Сондай-ақ, сараңдық танытпаған қайырымды жандарға мемлекет тарапынан атақ беру көзделіп отыр.

Сондай-ақ қайырымдылық мақсатында халықтан жылу жинайтын блогерлер енді көмекке мұқтаж кісімен немесе ұйыммен келісімшарт жасасуға міндеттілетін болады. Заң жобасы үш негізгі блоктан тұрады: волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау. Министрлік әзірлеген заң жобасында волонтерлердің де еңбегі еленіпті. Еріктілерге де мемлекеттік нагрдалар беріп, оқуға түсу кезінде жеңілдіктер жасау қарастырылған. Еске сала кетейік, пандемия кезінде волонтерлер дәрігерлермен қатар алдыңға шепте жүрген еді.

Бұдан басқа, заңмен волонтерлік қызметті дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттық қаржыландыру және сыйлықақылар беру де көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.