0:00 / 0:00
Орал қаласында қайырымдылық жасаушылар ұйымдастырған ізгі жобалар көбейіп келеді. Сол жобалар мен ілкімді істердің іс жүзінде орындалуына жомарт жандардың қосатын рөлі зор. Шаһарда қайырымды адамдар өте көп. Олардың көбі өз істерін жариялап көрсеткісі келмейді. Сол жандардың басын қосып, бір шаңырақ астында жұмылдырып жүретін ұйымдар бар. Солардың бірі-БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметкерлері. Мейірімділік айлығы аясында олар ассамблея жанындағы еріктілермен біріге отырып, мұқтаж жандарға азық-түлік таратты.
Қайырымдылық керуені шеңберінде бұл 14-рет өткізіліп отырған шара. Жалпы 30000 теңге жиналып, 50 отбасына бірінші қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер алынды. 30 қоржын қаладағы мұқтаж жандарға берілсе, қалған 20 Жаңақала ауданына жеткізілетін болады.
Айлық аясында емханаларда ашық есік күні, демалыс күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізіледі. Бұлардың барлығы көне көз қариялармызға жасалып жатырған қамқорлық пен мейірбандықтың тек бір тамшысы ғана. Ал теңіз тамшыдан құралып, көп түкірсе көл болары аян.