0:00 / 0:00
Орал қаласында республикалық "Қайыршы" жедел-профилактикалық шарасы басталды. Аталмыш шара он алтыншы қарашаға дейін жалғаспақ. Жедел-профилактикалық шараның басты мақсаты: кәмелет жасқа толмаған балаларды түрлі қызметке мәжбүрлеу және белгілі табысқа жетудің жолын кесу. Полиция қызметкерлері қарашаның тоғызынан бастап күні бүгінге дейін 64 заң бұзушылық анықтапты. Қазіргі таңда базар мен көпшілік көп жүретін қоғамдық орындарда қайыр сұрап жүрген балаларды көптеп кездестіруге болады. Сала мамандары қол жайғандардың дені Өзбекстан мен Тәжікстаннан келгендер,- дейді. Еліміздің заңнамасы бойынша бауыр еті баласын еңбекке жегіп, қайыр сұратқан ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.