Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайтерге білмей жүр

c 15:57, 13/07/2020 c 591

0:00 / 0:00

Оралдағы сот сараптама институтында марқұмдардың денелерін тұрғындарға бермей жатыр. Бақилық болған туыстарын жерлеуге келген ағайын олардың мүрдесін ала алмай әуре болуда.Осыдан үш күн бұрын суға кеткен 18 жасар жігіттің денесі кеше жағаға шығарылып, сараптама институтына тапсырылған. Алайда бақилық болған азаматтың денесін ағайындары ала алмай әлек. Осылайша марқұм бүгінде ақтық сапарға шығарылмады. Ертең де діни жоралғының өтер-өтпесіне күмәндіміз дейді өмірден озып кеткен 2001 жылғы тұрғынның тумалары.Сот сараптама институтының қызметкерлері әсіресе мұндай проблема осындай жаз мезгіліндегі аптап ыстықтарда жиі орын алады дейді. Өйткені жоғары температура о дүниелік болғандардың денесінің тез бұзылып кетеуіне себеп болатын көрінеді. Оның үстіне кешелі-бүгін мекемедегі ескі тоңызытқыш істен шыққан. Тұрғындар болса бұл мәселені қазіргі эпидахуалмен байланыстырады. Дәрегерлер де жүрек қантамырлары дерттері мен сусамыр сынды созылмалы ауруларға шалдыққандар коронавирус инфекциясының салдарынан көз жұмып жатырған деректердің тіркелгенін айтады. Айта кеткен жөн, облыста бүгінде коронвирус инфекциясынан 22 адам көз жұмды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.