Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайта өңделетін қалдықтарды қабылдайтын 2-ші экопункт ашылды

c 18:11, 17/04 c 29

“Таза Қазақстан” мемлекеттік тұжырымдамасы аясында екінші заманауи экопункт ашылды. Қала тұрғындары тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырып, сыйақы ала алуды жалғастыра береді. Енді бұл қызмет Зачаганск тұрғындары үшін өте қолайлы. Мекен жайы Мөңкеұлы көшесі-77.Қалалықтар пластик, қағаз, батарея, металл және пайдаланылған күнбағыс майын қайта өңдеуге өткізе алады. Экопункт “Таза Қазақстан” мемлекеттік тұжырымдамасы аясында ашылды. Жобаның басты мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.Осылай деген «Орал таза сервис» ЖШС директоры Рафхат Данқұлов көп ұзамай осындай үшінші нысанның жұмысын бастайтынын мәлімдеді."TikTok" пен "Instagram" секілді әлеуметтік желілерде қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетіне деген көзқарас өзгеріп жатыр. Адамдар қоршаған ортаның ластануы мен климаттың өзгеруі мәселелеріне көбірек қызығушылық танытып келеді. Шараға келген жас табиғат жанашырлары көпшілікті тазалықты сақтауға, табиғатты қорғауға шақырды.Және өздерімен бірге ала келген тұрмыстық қалдықтарды тапсырды.Айта кетейік, 2024-2029 жылдарға арналған “Таза Қазақстан” тұжырымдамасы экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кешенді әдістерді қамтиды. Оның ішінде жауапты мінез-құлықты қалыптастыру, экологиялық ойлау мен білім беруді дамыту бар. Бес жыл ішінде коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 25%-дан 38%-ға дейін арттыру жоспарланған.Атылмыш экопункт жұмысы осы мақсатқа жетуде өз септігін қоспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.