Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТТЫҢ ҚАЙТАРҒАНЫ

c 21:18, 12/08 c 39

0:00 / 0:00

Экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке бірақтар мүлкін қайтарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайраттың қайтарған мүлкінің тізімін жариялады. Өздеріңізге мәлім, Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істер "Қазақтелеком", "Көлік сервис орталығы" қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру, сондай-ақ, оның бақылауындағы компанияның кедендік бажды төлеуден жалтару деректері бойынша тергелген еді. Сатыбалды кінәсін мойындап, залалды толық көлемде өтеді. Осылайша Назарбаевтың бауырына қатысты қозғалған қылмыстық істер қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал етті. Антикордың мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және оған қатысы бар тұлғалар мемлекетке заңсыз жолмен алынған 732,8 миллиард теңгеден аса соманың мүліктік активтері мен қаражатын немесе 1,6 миллиард долларды қайтарды. Онда бірнеше бизнес-орталық, қонақүй, сауда үйі, зергерлік бұйымдар, бағалы қағаздар, базар, жеке коттедждер, қымбат автомобильдер. Мына видеода Қайраттан тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүліктердің құны да көрсетілген: Ең қымбаты Алматының ескі орталығында орналасқан Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы - 33,5 миллиард теңгені құраса, Астанадағы "Оптимум" бизнес орталығы – 3,2 миллиард теңгеге бағаланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.