Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаһарман Қафиз!

c 16:34, 29/04/2019 c 862

0:00 / 0:00

Жеңісті жақындатқан жандардың ерлігі баяндайтын "Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды" атты айдарымызды жалғастырамыз. Бүгін 17 жасында майданға аттанған Қафиз Иманбаевтың тағдыры жайында сыр шертпекпіз. Батыр 1925 жылы Орда ауданының Карғалы ауылында дүниеге келеді. Аталмыш ауылдың бастауыш мектебінде білім алған Қафиз ақсақал 1942 жылы әскерге шақыртылып, Орынбордан әскери дайындықтан өтіп, сұрапыл соғыс аттанған.

Бөкей Орданың тумасы Қафиз Иманбаев бүгінде тоқсанның төртеуіне келген. 1925 жылы дүниеге келген батыр, Қарғалы ауылында білім алып, кейін сол жерден әскерге шақырылған. Ол Орынборда әскери жаттығудан өткеннен кейін, 1943 жылдың маусымында майданға аттаныпты.

Батыр Чехословакия, Венгрия мен Украина, Румыния, Польша жерлерін азат етуге қатысқан. Ол майданда байланыс қызметкерлері болған. Ақсақал жеңісті чехтың Марал-Острав атты қаласында қарсы алған.

Соғыстан кейін ардагер облыс орталығы мен Бөкей Орда ауданында бел жазбай қызмет жасайды. Ақсақал 1957 жылы жолдасы Сауле Құсайыновамен отау құрып, күні бүгінге дейін тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ардагер Отанын жаудан қорғағаны үшін "Қызыл Жұлдыз" орденімен және түрлі медальдармен марапатталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.