Әлеуметтік желіде 200 теңгелік қағаз ақшаны дүкендер мен сауда нүктелерінде қабылдамайды деген жазбалардың қарасы көбейді. Осыған орай, Ұлттық банктің облыстағы филиалы ресми мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда қолданыстағы барлық 200 теңге заңды төлем құралы,- дейді мамандар. Олар тек табиғи жағдайда тозған кезде ғана айналымнан шығады. Заңды төлем құралын қабылдамаған кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылады.
Сурет numizmatik.ru сайтынан жүктелді