«Қадыр-қазына» жобасы - Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Өткен жылы қолға алынған жоба аясында мәдени-әдеби бағыттағы байқаулар өткізіліп, ақын туралы деректі фильм де көрерменге жол тартқан болатын. Бүгінде жоспарға республикалық ғылыми-теориялық конференция қосылып отыр. Іс-шара алдымен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Бұл жиында ақынның сөзіне жазылған екі әннің тұсауы кесілді.
ИНТЕРШУМ
Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлі - көп оқылатын әрі заманының заңғар ақыны. Оның шығармаларында тапқырлық пен еңбекқорлық, қабілет пен талант бір-бірін толықтырып тұрады. 40 жыл бұрын жазылған өлеңдері мен әндері әлі күнге дейін жұрттың аузынан түспеген. «Абайдың әр сөзі даналық десек, Қадырдың көптеген сөздері мақалға айналып кетті», - дейді конференцияға арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, публицист Қайнар Олжай. Сондықтан Қадыр оқулары ұрпақ тәрбиесіне қажет.
ҚАЙНАР ОЛЖАЙ
ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Конференция жұмысында Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығын дәріптеумен қоса торқалы тойдың жоспары да айтылды. Келер жылы Қадыр ақынның туғанына 90 жыл толады. Қадыр орталығының ұжымы дайындық жұмыстарын қазірден пысықтауда. Айта кетсек, басқосуға жиналғандар Қадырсарайдың көрме залында дайындалған «Заманының заңғары» көрмесін тамашалап, «Нағыз қазақ, аңыз қазақ» қорытынды кешінің куәсі болды.