0:00 / 0:00
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында белгілі қаржы саласының ардагері, 40 жылға жуық банк саласында еңбек еткен Қайырша Каресовке арналған ескерткіш тақта ашылды. Еңбек және соғыс ардагері 1923 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысып, қызмет жолын 1943 жылы бастайды. 1948 жылы банк саласында қажырлы қызмет жасаған. Ол облыстағы түрлі аудандарда мемлекеттік банктегі қызметін жалғастыра отырып, Орал қалалық мемлекеттік банкінен зейнеткерлікке шығады. Айтулы шараға жиналған бұқара халық Қайырша Қаресұлының еңбегі мен адамгершілігін еске алып, марқұмның еңбек жолы көпке үлгі деді. Шараны ұйымдастырушылар естелік тақтайшаның 12-қарашада ашылуының да өзіндік мәні бар,- дейді. Осыдан 28 жыл бұрын Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен төл теңгеміз ұлттық валюта деп бекітіліп, айналымға енді.
Ғалия Сатыбалдина, қаржы саласының ардагері:
-Төл теңгеміз айналымға енген күні көп жылдан бері қаржы мен банк саласында жұмыс істеп, 40 жыл бойы қызмет жасаған Қайырша Каресовтың тұрған үйінде естелік тақтасын аштық. Банк саласының ардагері 1972 жылдан бастап Оралдағы мемлекеттік банкті басқарып, зейнетке шықты. Қайырша Қаресұлының қаржы саласында атқарған еңбегі орасан. Оның еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі,-дейді.