0:00 / 0:00
"Ақ жол" демократиялық партиясы көп балалы отбасыға көмек қолын созды. Тағдырдың тауқіметіне ұшыраған отбасында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың үшеуі мектеп жасындағы балалар. Қалалық білім ордаларында тәрбиеленіп жатқан оқушылардың екеуі қысқы аяқ киімдерінің болмауына байланысты сабаққа жиі бармапты. Сонымен қатар, Вероника Заика бесінші сәбиіне жүкті.