Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Іздеу жарияланған Дина Таңсәрі Черногорияда ұсталды

c 18:57, 15/04 c 2

Черногорияда "NeMolchi.kz" қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталды.Таңсәрі әлеуметтік желіде өзін отанына экстрадициялау процесі басталғанша уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлады.Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешілуде."Мені жаңа ғана ұстады да, Подгорица полициясына алып келді. Ертең экстрадиция бойынша сот болады. Бұл сот не шешетінін білмеймін, бірақ таңға дейін Черногория полициясында ұстайтындарын айтты", - деді ол.
Бұған дейін Таңсәріге қатысты алты қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланғаны хабарланған болатын. Көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу және алаяқтық істері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.