Туысқандары 3 ақпан күні үйінен шығып содан хабарсыз кеткен азаматты іздеуде. 1977 жылы туған Нұрғалиев Нұрлыбек жиһаз жөндеу жұмыстарымен айналысқан. Жоғалар күні кезекті тапсырысын аяқтап, көшеге шығып кеткен көрінеді. Содан бері одан хабар жоқ. Отбасымен бірде-бір рет байланысқа шықпапты.
Нұрлыбек үйленбеген. «Ішімдікке әуестігі жоқ»,- дейді туысқандары. Өзі тұрған пәтерге жеке заттары мен ұялы телефонын тастап кеткен. Соңғы рет азаматты саяжайдың бірінде көргендер бар. Десе де әлі күнге дейін табылмай отыр.
Арыз түскен бойда полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын бастаған. Әзірге іздеуден нәтиже болмай тұр. Сол себепті арыз бойынша Абай полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшірілді.
Суреттегі азаматты көргендер болса экрандағы телефон нөміріне 102-ге хабарласуын сұраймыз. Отбасы Нұрлыбек аман-есен табылады деп, жақсылықтан үміттерін үзбей отыр.