0:00 / 0:00
Облыстық іскер әйелдер форумына өңірдің әр ауданынын 100- ден аса нәзік жандылар шақырылды. Негізінен көтерілген басты проблема кәсіпкер әйелдердің мәртебесін көтеру. Соның ішінде ауылдық жерлердегі өз ісін ұршықша иіріп отырған жандардың негізгі мәселелерін алаңда ашық айтып олардың шешу жолдарын көрсету. Форумда отбасында аналардың рөлі туралы да кеңінен айтылды. Ұрпақ тәрбиесінде отанасына түсер күш көп. Дей тұрғанмен қолға алған кәсіпті нәсіпке айналдыруда отағасының қолдауы да маңызды. Айта кету керек бүгінгі таңда мәселелі отбасылар бар. Анасы ішімдіктің құрбанына айналса, әкесі баласының тағдырына алаңдамайтындар да есепте тұр. Жиналғандар олардың өмір жолындағы қиындықтарды жеңіуге қоғам болып күресу керек дейді. Облыста кәсіпкерлік нысандарының 35 пайызы бұрымдыларға тиесілі. Олардың 20 пайызы - тұрмыстық қызмет көрсету саласында. Форумда ауылда бизнесті дамытуға үлес қосып жүрген ең белсенді әйелдер марапат төрінен көрінді.