0:00 / 0:00
Теректі ауданында тіркелген кәсіпкерлердің тең жартысы нәзік жандылар. Олардың біліктігін артырып, білімін шыңдау мақсатында арнайы Подстепный ауылында іскер әйел адамдардың форумы өтті. Жиынға банк саласының, кәсіпкерлер палатасының және жас та болса өз кәсібін ашып, мемлекеттік қолдауға ие болған жандар мен жаңадан бизнес ашуды көздеген ауыл тұрғындары қатысты.
Ауылдық жерде нәзік жандыларға өз кәсібін ашуға ақпараттың аздығы қол байлайды. Аталмыш форумға келген әрбір нәзік жанды өз кәсібін ашуды армандайды. Солардың бірі -Майра Хамзина. 4 баланың анасы үйден тәтті тоқаштарды пісіргісі келеді.
Нәзік жандылардың өз кәсібін ашуға көмектесуді көздеген форум алдағы уақытта өзге де аудандарда ұйымдастырылмақ.