Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

c 13:41, 24/02/2023 c 130

0:00 / 0:00

БҚО полиция департаментінің базасына мектеп бітіруші түлектер мен студенттер жиналды. Ішкі істер органдарында қызмет етіп, білім алғысы келетін жастардың қатары артқаны байқалады. Бұл орайда, Махан Есболатов атындағы Алматы академиясы еліміздің түкпір-түкпірінен болашақ мамандарды біліммен қаруландыруға дайын. Өңірге келгендегі сапар мақсаты – батысқазақстандық жастарға академияға оқуға түсу мен жаңа мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады.

Алматы академиясы 3 мамандықты негізге ала отырып, 6 бағыт бойынша мамандар даярлайды. Академия әкімшілігінің  айтуынша, оқу ордасында оқыған жылдар болашақ маман үшін жинақталған тәжірибе ретінде қарастырылады. Әрі курсанттар шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Бұл келешек полиция қызметкері үшін зор қолдау болмақ. «Бастысы жастардың бойында мамандыққа деген қызығушылық пен ынта болуы керек», - дейді оқытушылар.

Сондай-ақ мұнда дене шынықтыруға аса мән берілген. Бұл дегеніңіз, қабылдау емтиханы кезінде үміткерлердің спортқа деген шеберлігі сыналады. Мұндай мүмкіндікке Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті баға алып, 50 балл жинақтаған шәкірттер ие. Академия түлегі өзінің еңбек жолында криминалды, миграция және әкімшілік полиция бөлімдерінде жұмыс істеп, полиция инспекторы ретінде қызметін жалғастыра алады.

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.