Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"IQ Бизнес" ағылшын тілін оқыту орталығында жаңа жылдық мереке

c 12:13, 31/12/2019 c 629

"IQ Бизнес" ағылшын тілін оқыту орталығы үшін Merry Christmas мерекесін атап өту дәстүрге айналғандай. Мерекеге келген жас өрендердің көпшілігі арнайы костюмдермен ерекшеленді. Өйткені, олар үшін жаңа жылы - көптен күткен сиқырға толы күн. Осыған орай, олар мерекеге арнаған тақпақтарын оқыды. Биыл жыл "Business IQ" үшін жағымды істерге толы. Аталмыш орталық өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Осы уақыт аралығында шаһарымыздың мектеп оқушыларынан бастап, студенттері және ересектері ағылшын тілін жетік меңгере алды. Бүгінгі күні орталықта 60-қа жуық оқушы мен білім қуған студенттер оқиды. Олардың әрқайсысына жеке көзқарас та бар. Бүкіл дүниежүзінің католиктері желтоқсанның 24-інен 25-іне қараған түні Рождество мерекесін атап өтеді. "Business IQ" орталығы да осы үрдістен қалыспай, шараны "Merry Christmas" атауында ұйымдастырып, оқушылардың таным-түсінігін кеңейте түсті.

А

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.