Қазіргі технологияның қарқынды дамуы мен цифрлық қоғамға көшу жағдайында техникалық бағыттағы мамандықтар ерекше маңызға ие. Конференция инженерлік ғылымдардың болашағы мен жасанды интеллекттің дамуына, сондай-ақ цифрландыру дәуіріндегі жұмысшы мамандықтарының рөліне арналды.
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы))
Конференцияға ғалымдар, кәсіпкерлер , мемлекеттік мекемелер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Шарда еліміздің түпкір-түпкірінен және көршілес мемлекеттерден қатысушылар бұндай маңызды кездесудің берер жаңалығы мол екенін тілге тиек етті. Ғылымдардың пікірінше, жасанды интеллектті қолдану күнделікті өмір салтына айналып кетпеуі тиіс сәйкесінше инженерлік, этикалық, экологиялық және құқықтық қағидаттарды ескере отырып дамуы қажет.
Рамиль Юсупов - С.П.Королёв атындағы ұлттық зерттеу университетінің доценті (Самара қаласы) Азаматтық құқықты жетілдіру мақсатында айта кету керек, жасанды интеллект саласындағы қатынастарды тиісті құқық салаларында реттеу үшін, Ресейдің құқықтық моделінде осы бағыттарды дамытуға арналған нақты мақсаттар қойылып жатыр. Бұл мақсаттар жасанды интеллект технологияларын енгізу мен олардың болашақтағы дамуын ескере отырып, құқық салаларын дамытуға бағытталған))
Профессор Полетаеваның пікіріне сүйнер болсақ, қолданыстағы пайдаланып жүрген ЖИ қоғамға қажеттіні беруі мүмкін, алайда адамдардың ойлауын тежейді. Бірақ тұлғалық сезімді анық көрсетпейді.Бұл жасанды интеллект қанша дамыса да, адамға тән ең маңызды қасиет - адами қарым-қатынастың орнын баса алмайды.
Валентина Полетаева - «К.Э. Циолковский атындағы Ресей космонавтика академиясы» аймақаралық қоғамдық ұйымның академиялық кеңесшісі Жасанды интеллект туралы айтпастан бұрын, жалпы интеллект туралы айтпау мүмкін емес. Ал интеллектті адамзатқа тән сезімдерсіз елестете алмайсың. Батылдық, махаббат, қуаныш деген түсініктер бар. Жасанды интеллектке қарсы не тұра алады десек, тек адамның жаны дер едім. «Жан-тәнімен жасалған», «Жаны жадырады» деген сөздерді жиі қолданамыз ғой. Бұл бекерге емес.))
ЖИ бүгінде түрлі салада нақты міндеттерді шешуде үлес қосуда.Оның ішінде экология саласы да бар. Бұл туралы конференцияға Қырғыз Республикасынан келген қатысушы Нургиз Уманова баяндады.
ШараДА ӨҢІРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН БЕДЕЛДІ АЗАМАТТАРЫНА Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің "Құрметті профессоры" атағы беріліп, арнайы дипломдар табыс етілді.
Серік Мерғалиев - "Серік» өжк ЖШС" бас директоры Бүгінгі халықаралық конференция жоғары деңгейде өтті. Шынымен де ғылыми қауымдастық пен өндірістің құрылымдармен біріккен жағдайда керемет нәтижелерге қол жеткізіледі. Шара аясында маған "Құрметті профессор" атағы берілді. Бұл расында үлкен мәртебе, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар университетінің құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлына алғысымды білдіремін.
Сонымен қатар, конференцияда Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті мен Ресейлік «Технокомплекс» ғылыми-өндірістік бірлестігі арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжат Батыс Қазақстандағы сумен қамту жүйелерінде ресурсты және энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу, су ресурстарын цифрлық бақылау ортасын қалыптастыру және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып мамандар даярлау жүйесін дамытуға бағытталған.