0:00 / 0:00
Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары инвестициялық жобалардың іске асуын қадағалау үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралады. Мәселен, облыс орталығында жұмыстанып жатырған "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы 2016 жылы арнайы инвестициялық бағдарламалық қолдауға ие болған. Бағдарлама арқылы 1 млрд 404 млн теңгеден асып жығылатын қаржы бөлініп отыр. Инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы бүгінде қандай жұмыстарды атқаруда.
Орал қаласын жылумен қамтамасыз етіп отырған "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы инвестициялық жобаның мұрындық болуымен бірнеше жылу құбырын жаңалайды. Бүгінгі таңда, 4-8 магистральдарда құбырлардың жаңартылуы жүріп жатыр. Мәселен, 8-ші магистраль 1988 жылы пайдалануға беріліпті. Магистральдің ұзындығы 8 шақырымға жуықтайды. Жұмыстардың баршасы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Сондай-ақ, қыруар қаржы бөлінген инвестициялық жобалардың арқасында ет комбинатында орналасқан жылу оқшауламасы да жаңартылған.
Инвестициялық жобалардың аяқ алысын тексеріп жүрген, департамент мамандары әзірге жұмыстардың баршасы уақытылы орындалып жатыр. Былтырғы жылы берілген қаражат толықтай игерілді,- дейді.
"Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы инвестициялық бағдарламаны 2016 жылы қол жеткізіпті. Олар 4 жылдың ішінде тозығы жеткен құбырлар мен қажетті техникасын түгендеуі шарт. Биылғы бөлініп отырған қаржы 178 млн теңгені құрап отыр.