Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖОҚ»

c 09:08, 01/02/2023 c 85

0:00 / 0:00

Өңірге инвестиция тарта алмай отырған әкімдер үкімет басшысының сынына қалды. Премьер-министр Әлихан Смайылов облыс әкімдіктерін шетел инвестициясын тарту жоспарынан қалып отыр деп сынға алды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізіп, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша өткен жылғы жұмыс қорытындылары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған міндеттер қаралды.

Елге инвестиция тарту мәселесі тиісті деңгейге жете алмай отыр. Бұған дейін әкімдер пандемия кедергі болды десе, енді жүйелі жұмыс жүргізе алмауда. Премьер-министр Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысында инвестиция тарту бойынша жоспарды орындамаған өңір әкімдерін әбден сынады. Бұл шаруада көш соңында қалған облыс әкімдері 1-2 пайызға инвестиция көлемі өсті деп айтамыз деп, сөз естіді.

Смайылов әкімдерге жыл сайынғы өсім 10%-дан жоғары болуы керек деп ескертті.

Премьер-министр Ұлытау облысында құны 27,1 млрд теңге болатын бес ірі жоба іске аспай қалғанын айтып сынады. Облыстағы негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жетпей қалған сома 50 млрд теңгеден асады. Әкімдік бұл олқылықты жаңа жобалар есебінен толтырып, қосымша инвестициялар тартуды және туындайтын проблемаларды уақытылы шеше алмады деп әкім Берік Әбдіғалиге шүйлікті. Смайыловтан Атыраудың әкімі де сөз естіді. Облыста өңірдің зор әлеуеті мен қорлары толық іске қосылмаған. Инвестициялардың 60%-дан астамы Теңізшевройл және KPI ірі жобаларына тиесілі. Өңір басшылығы индикатордың орындалмауын жоғарыда аталған жобалар бойынша инвестиция көлемінің төмендеуімен байланыстырып отыр. Әкімдік осы жобалардың аяқталу мерзімін болжап, өсімнің қосымша көздерін алдын ала іздестіруі керек болатын", — деді Смайылов. Ал Жамбыл облысында салынған инвестициялардың үштен бірі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асқан. Әкімдік кальцийленген сода өндірісі мен минералды тыңайтқыштар шығаратын зауытты іске асыруды кешіктіріп отыр. Осыған орай өңір басшылығына жаңа инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігнің мәліметінше, Өткен жылы елімізге 22,1 млрд доллар инвестиция құйылды. Қазақстанға қаражат құйған үздік 10 инвестор елдің қатарына Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Түркия бар.Ал үкімет ағымағы жылы ел экономикасына 24,4 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуды көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.