Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ СЫН КӨП

c 09:24, 26/04/2023 c 83

0:00 / 0:00

Еліміздегі интернеттің сапасына қатысты сын көп. Шалғайда жатқан ауылдарды айтпағанда, қалалардың өзінде интернет байланысы нашар. Қолданушылар тарапынан түсіп жатқан шағым көп. Биылғы жылдың басынан бері Үкіметке байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан 5 мыңға жуық өтініш пен шағым келіп түсті. Олардың басым бөлігі интернеттің жылдамдығы мен сапасына қатысты, - деді пермьер-министр Әлихан Смайылов. Үкіметтің отырысында қаралған екінші мәселе-қолжетімді интернетке қатысты болған еді.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің баяндауынша, елімізде интернет қолданушыларының саны 90,9 пайызға жетті. Интернет қолданушыларының саны ғана емес, олардың интернетте өткізетін уақыты да артып келеді дейді ол. Қазір базалық станцияларды ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы елді мекендердің 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. Дегенмен, елдегі интернет сапасына қатысты сын көп. Заман талабына сай интернетке қол жеткізе алмай отырған ауылдарды айтпағанда, ірі қалалардың өзінде байланыс нашар. Жыл басынан бері интернет сапасына қатысты 5 мыңға жуық шағым келіп түскен.

Премьердің айтуынша, «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы елді мекендердегі интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ұлттық жоба бойынша бюджеттен 5 жылға шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Ал көптен бері айтылып келе жатқан 5G-ге мегаполис қалалар алдағы күзде қол жеткізеді деп сендірді министр Мусин.

Ал 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы 75 пайызға, ал облыс орталықтарын 60 пайызға қамту көзделіп отыр. 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Дегенмен, министр байланыс саласына құйылатын инвестициялар көрсеткіші 28 пайызға төмендегенін айтады. Дамыған елдер - АҚШ, Франция, Германия сияқты мемлекеттерде байланыс саласына ондаған млрд доллар инвестициялар құйылып жатыр. Ал, Қазақстанда тіпті 200 млн долларға жетпейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.