Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

INSTAGRAMM-ҒА ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ ҚАШАН ОРАЛАДЫ?

c 09:58, 17/01 c 2

0:00 / 0:00

Батыс елдерінде авторлық құқықты құрметтеу басты орында. Бір танымал ән шығарса өмір бойы роялтимен күн көреді. Автордың шығармасын радиостанцияларда, кинода пайдаланғаны үшін авторлық сыйақы беріледі. Ал біздің елде бұл жағдай кенже қалған. Бір автордың туындыларын Қазақстан аумағында пайдаланғаны үшін қаламақы көлемі аз. Бізде авторлар мен орындаушылардың мүдделерін өзін-өзі реттейтін ұйымдар қорғайды. Соның бірі І ҚазАҚ. Олар Meta-мен шарт жасасқан. Платформада қазақстандық әртістердің музыкасын пайдаланғаны үшін Instagram тиісті төлем жасаған. Алайда ҚазАҚ ұйымын төлемдер сомасын қанағаттандырмай,оны ұлғайтуды талап еткен. Осыған қатысты келіссөздер жүріп жатқанда ағымдағы келісімнің мерзімі өтіп кеткен. Ал жаңасын жасап үлгермеген. Нәтижесінде Meta ҚазАК-пен келісім-шарты бар барлық қазақстандық авторлардың музыкасын платформадан алып тастады. Есесіне танымал әртістердің басым бөлігі инстаргамм желісіне шықпай қалды.

БОТАГӨЗ ЖАҚСЕЛЕКОВА ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ « Instagram-ға иелік ететін Meta компаниясы қазақстандық әртістердің мүддесін қорғайтын авторлық құқықтарды ұжымдық басқару ұйымдарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі 2025 жылға арналған келісімшартты қайта қарау кезінде проблема туындаған. келіссөздер әлі жүріп жатыр, алайда олардың қашан аяқталатыны белгісіз.»

Мұндағы келіспеушіліктің басты мәселесі- сыйақының әділ сомасын анықтау болды. Еуропалық және американдық орындаушыларға Meta-дан әлдеқайда көп сома төленеді ғой. Енді Meta қазақстандық музыканың коммерциялық құндылығын көрсететін ақылға қонымды ұсынысқа келуі тиіс. Біз Қазақстанға үшінші сорт нарығы ретіндегі көзқарасқа қатты алаңдаушылық білдіреміз, деп мәлімдеді ҚазАҚ өкілдері. Бірақ, ән авторларының айтуынша, қазақстандық ұйымның өзі көп жылдан бері оларға роялти төлемей, құқықтарын бұзып келеді. Енді авторлар Instagram-ды пайдалану гонорарынан мүлде айырылды. Әлеуметтік желіні қолданушылар болса қазақ музыкасы неге жоғалып кетті деп шулап жатыр. Осыған орай Әділет министрлігі Meta компаниясына жүгінген.

БОТАГӨЗ ЖАҚСЕЛЕКОВА ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Бұл – өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен Instagram арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастар болғандықтан Әділет министрлігі бұл келіссөздерге араласпайды. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұл жағдай қоғамда, соның ішінде Instagram қолданушылары арасында үлкен резонанс туғызғанын ескере отырып, Meta компаниясына жүгінгенбіз. Олар келісімшарт талаптарын жариялай алмайтынын, бірақ жақын арада ортақ келісімге келеді деп үміттеніп отырғанын айтты»

Өздеріңізге мәлім, инстаграмм бетінен былтыр желтоқсанның басында қазақ әндері жойылып кеткен еді. Әлеуметтік желінің иесі Meta компаниясының өкілдері «Қазақстан авторлық қоғамы» ұйымымен келісе алмағанын, сондықтан осы авторлық қоғамның каталогындағы барлық музыка Instagram жане Facebook-тен өшірілгенін мәлім еткенді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.