0:00 / 0:00
Көлік министрлігі бірінші жарты жылдықтағы атқарған жұмыстарын жіпке тізді. Жауаптылар биыл бұрын-соңды болмаған жол салдық деп мәлімдеді. Әуе кеңістігінде жолаушылардың саны артыпты. Темір жол қатынасы мен теңіз инфрақұрылымы да дамуда.
Ел аумағында 95 мың шақырым тас жол бар. Олардың 25 мыңы республикалық маңызға ие. Көлік министрлігі биыл 12 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлады.
Жолдарды орташа жөндеу бойынша ауқымды жұмыс атқару көзделген. Бірінші болып, пайдалануға берілгеннен бастап, жөндеу көрмеген жолдарға басымдық беріледі. Биыл 2,5 мың шақырым жолда жөндеу басталды. Келесі жылы 5 шақырым жол жөндеу көрмек. Азаматтық авиацияда жолаушылардың саны артыпты. Бірінші жартыжылдықта әуе компаниялары 7 млн адамды тасымалдапты. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға көп. Әуежайлар 11,3 млн жолаушыға қызмет көрсетіпті. Халықаралық рейстердің географиясы да кеңейген.
Теміржол арқылы тасымалданатын жүктің салмағы артқан. Қазіргі таңда химиялық заттар мен минералды тыңайтқыштармен түрлі түсті маталдарды көп тасиды. Қытайға экспорттың саны артқан.
Теңіз жолдары да қарыштап дамуда. 2024-2028 жылдарға арналған теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары жасақталды. Ақтау мен Құрық порттарының аумағында ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін кластерін құру көзделген. Бұл контейнерлік қуатты ұлғайтуға, жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі терминалдарды және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға мүмкіндік береді,- дейді ведомство өкілдері.
СУРЕТ panrent.ru САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ.