Облыста коронавирус жұқпасының 78 ошағы тіркелсе, сол жердегі тұрғындармен 999 адам қарым-қатынаста болған. Күні бүгінге дейін өңірімізде коронавирус жұқпасына щалдыққан 352 науқас анықталса, оның 189-ы емделіп шықты. Тіркелген науқастардың 245-і Ресей Федерациясы мен Атырау облысынан келсе, 105-і науқастармен қарым-қатынаста болған, денсаулық сақтау нысандарында - 62, үшеуі полиция қызметінде, 40-ы үй оқшаулауындағы өңір тұрғындары екен. Сәуір айынан бастап коронавирус жұқпасының алдын алу шараларына қатысып жүрген медицина, санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандары, лабораториялық зертханашылар және полиция қызметкерлері мен шекарашылар коронавирусқа байланысты тест тапсырып, профилактикалық скринигтен өтуде. Нәтижесінде үш полиция қызметкері мен 62 денсаулық сақтау маманынан коронавирус жұқпасы анықталды. Соңғы анықталған Орал қалалық №5 емхана мен облыстық көпбейінді аурухананың медқызметкерлері жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Жұқпа ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған медицина мамандары карантинде оқшаулануда. Сондай-ақ Сырым ауданында коронавирус жұқпасының екі ошағы анықталып отыр.