0:00 / 0:00
Қауіпті індетті вакцина ғана жеңеді. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов пен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингке шығып, қазақстандықтарды екпе жасатуға үндеді. Елде вакцина жасау науқаны басталғалы жеті миллион доза вакцина әкелінді. Аймақта 2,4 млн вакцина бар. Қосымша дозалар кестеге сәйкес жеткізіледі дейді шенділер. Ал Қазақстанда тіркеліп отырған үндістандық штамм әлемнің 74 елінде анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, ковид вирусының «дельта» штаммы өзге штамдарға қарағанда екі есе жылдам таралады және ауыр жағдайда өтеді. Сонымен қатар өзге штамдарға қарағанда жұқтыру ықтималдығы 60 пайызға жоғары. Бір адам бес-алты адамға жұқтыра алады. Одан қорғанудың бір жолы – вакцина дейді вице-премьер Тоғжанов.
Қазақстандық дәрігерлерді елімізде тіркелген ковид вирусының «үнді» штаммы алаңдатып отыр. Бүгінде әлемнің 74 елінде дельта штаммы тіркелді, ол өзге штамдарға қарағанда өте жылдам таралады және ауыр жағдайда өтеді. Жұқтыру ықтималдығы 60 пайызға жоғары. Бір адам бес-алты адамға жұқтыра алады. Жалпы екпе жасатуға ешкімді міндеттей алмайды.Бірақ, одан қорғанудың бір жолы – вакцина дейді шенділер. Онлайн брифингке шыққан үкімет басшысының орынбасары қазақстандықтарды апта сайын қалтаны қағатын ПТР тест тапсырғанша, тегін вакцина жасатуға үндеді.
Нұр-Сұлтан қаласында вирустың кең таралуы сақталып отыр. Оған қоса вирустың жаңа штаммы да елордада анықталды. Өздеріңізге мәлім, мемлекеттік бас санитардың қаулысымен кәсіпорындарда, ұжымдарды қызметкерлерден вакицна жасатуды талап ету енгізілді. Болмаған жағдайда апта сайын ПТР тест жасатуға тура келеді. Осылайша ковидке қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерге шектеулер енгізіліп отыр. Бұл 20 адамнан артық қызметкері бар ұжымдарға қатысты болмақ. Ал вакцина жасатудан немесе ПТР тест тапсырудан бас тартқан жұмысшыларға айыппұл салында.ы
Айжан Есмағамбетова – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы «Жоғарыда аталған тұлғаларға вакцина тапсыру немесе апта сайын птр тапсыру талабы қойылатынын білеміз. Ал ол талапты орындамаған жағдайда айыппұл салынады. Айыппұл көлемі 5 АЕК немесе 14 585 теңгені құрайды. Заңды тұлғаларға айыппұл салынады».
Осылайша үкіметтегілер екпе жасатуға міндеттей отыра қазақстандықтардың конституциялық құқығын бұзып отырған жоқпыз дейді. Журналистерді халықты үндеп отырған үкімет мүшелері мен депутаттар вакцина салдырды ма деген сауал мазалады. Мәлім болғандай үкімет құрамының 80 пайызы індетке қарсы вакцина салдырған. Депутаттар да екпе жасатуда белсенділік танытты дейді денсаулық сақтау министрі Цой. Дегенмен, Қазақстанда вакцина жасатқандардың ішінде 1437 адам ковид вирусын жұқтырған. Бұл жалпы екпе жасатқандардың 0,05 пайызын құрап отыр, өте төмен көрсеткіш дейді мамандар.