0:00 / 0:00
Өздеріңізге мәлім, кеше кешкісін коронавирустан бір адам қайтыс болды. Ол 64 жастағы әйел азамат. Марқұм Ақмола облысының тұрғыны. Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған екен. Наурыздың 25-і күні таңда ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Кеше яғни 26 наурызда көз жұмды. Елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 125 адам жұқтырды. Бүгін Атырау облысында 3 оқиға тіркелді. Сонымен Нұр-Сұлтан қаласында - 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Атырау облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Пауладарда 1 адам трікелді.
Өкінішке орай, елімізде қарқындап бара жатқан COVID-19 инфекциясы тағы бір аймақта тіркелді. Атырау облысында үш адам індет жұқтырғаны мәлім болды. Ал күні кеше қазақстандықтар қаралы хабар алды. Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны коронавирустан көз жұмды. Бүгін облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ильясов толығырақ мағлұмат берді.
Сүлен Ильясов – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «Өлім себебі – екі жақты пневмония, тыныс алудың қиындауы, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз фонындағы сепсис. Пневмонияның себебі – коронавирус. 64 жастағы әйел 25 наурыз таңғы сағат жетіде ауыр хәлде облыстық ауруханаға жеткізілген.
Алгоритмге сәйкес дәрігерлер оны жеке изоляторға жансақтау бөліміне жатқызған.26 наурызда ол қайтыс болды»
Денсаулық сақтау басқармасының басшысының
айтуынша, марқұм шетелге шықпаған. Бірақ Алматыдан құдалықтан ауырып келген.
Сүлен Ильясов – Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы; «13 наурыз бен 17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды. Коронавирусқа анализ алынды. Қажетті эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.Бүгін әйелді жерлеу рәсімі өткен соң, ол тұрған үй толығымен зарарсыздандырылады»
Айта кетейік, қауіпті індеттен қайтыс болған азаматша Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қосшы ауылында тұрғанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның жақындарына көңіл айтты.Ал Алматыда коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болған адамдар ендігі анықталған. Өңірдің қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың хабарлауынша, қазір марқұммен байланыста болған алты адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды.Ал марқұм көз жұмған Ақмола облыстық ауруханасы елордада орналасқан. Бүгін ол аурухана бірден карантинге жабылды. Ол жерде байланыста болған адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды.