0:00 / 0:00
Әлемді тұсаулап қойған қауіпті коронавирус толқынмен келе жатыр. Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов бүгін COVID-19 инфекциясының ел ішінде таралуы неге көбейіп жатқанын түсіндірді. Денсаулық сақтау министрі коронавирусты ұжымда жұқтырған науқастар күрт көбейді дейді. Бұл әсіресе мұнайлы, тау-кен өндірісі бар өңірлерде, құрылыс көп жүріп жатқан қалаларда көп тіркеліп отыр. Өз кезегінде министр, қауіпті індеттің таралуын әлсірету үшін,
жұмыс орнындағы адамдардың санын азайтуымыз қажет дейді. Бас санитардың ұсынысы бойынша кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей бергені жөн.
Әу баста, денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралу шегі 4,5 адамды құрайды деп мәлімдеген болатын. Алайда, бұл көрсеткіш болжағаннан әлдеқайда көп. Соңғы мәліметтер бойынша республикада жалпы 9 300-ден аса науқас тіркелді. Оның 4 600 астамы жазылып шықса, 37 науқас қайтыс болды. Министрдің айтуынша, індеттің көп таралуы ұжымдық жұмыс орындарында орын алуда. Мұнай-газ, таукен өндіріс сиқяты ірі кәсіпорындарда, құрылыс аймақтарында вирусты жұқтыру өршіп тұр. Себебі, кәсіпорындарда көп жағдайда санитарлық шаралар қабылданбайды дейді Біртанов. Жалпы елде коронавирус жұқтырды деп тіркелгендердің 70 пайызында науқастың белгілері жоқ. Бұлар жаппай тестілеу барысында анықталғандар.
Өз кезегінде бас дәрігер қауіпті індеттің таралуын азайту үшін,
жұмыс орнындағы адамдардың санын азайтуымыз қажет дейді. Бас санитардың ұсынысы бойынша кеңсе қызметкерлерінің 50 пайызы қашықтан жұмыс істей бергені жөн. Себебі, індет әлі біткен жоқ. Егер вирустың таралу өсімі өршіп кетсе, карантин күшейтілуі мүмкін.
Ал бүгін өткен ұлттық кеңестің отырысында талқыланған екінші мәселе-денсаулық саласы болған еді. Президент Тоқаев, пандемия барысында облыс басшылары өз бетінше жедел шешім қабылдай алмағанын айтты.
COVID-19 инфекциясының таралу барысы елдегі денсаулық сақтау саласының кем тұстарын ашық көрсетті. Сол себепті салаға реформа қажет. Тоқаев бұл орайда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің мәртебесі мен өкілеттігі арттырылады деді. Осыған орай жаңа комитет құру жұмысы басталды. Осы қызметтің мамандарын әлеуметтік қорғау және кадрларды дайындау жүйесі қаралады. Ал үкіметке медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 2,5 есеге көтеруді тапсырды.