Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Импорттың үлесі төмендейді

c 19:30, 15/12/2020 c 1168

0:00 / 0:00

Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорттың үлесі төмендейді. Отандық өнімді арттыру мәселесі үкіметтің онлайн отырысында қаралды.Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің  айтуынша, соңғы үш жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің айтарлықтай өсуі орын алды. «Қарапайым заттар экономикасы» салаларында өнім шығару көлемі 2018 жылғы 8,9 трлн теңгеден 2019 жылы 10,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылы да өсу жалғасты. Осылайша дайын, өңделген өнімді шығару қарқынды дамып келеді.

Үкіметтің бүгінгі селектордық отырысы бірін-бірі құттықатумен басталды. Премьер-министрдің  көңілі көтеріңкі. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында мемлекеттік марапаттар жауған күні үкімет басшысы Асқар Мамин де «Тұңғыш Президенттің» медалін қанжығасына байлаған еді. Соның әсері ме Мамин отырысты бастамас бұрын, 70 жасқа толып жатқан «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорының төрағасы  Есімовті мерейтоймен құттықтады.

Өз кезегінде 26 жыл бойы үкіметтің құрамында жүрген Есімов мырза да аянып қалмай, пермьер-министрді марапатымен құттықтап, екі жақ бірін-бірі риза қылды.

Биресми сәттен кейін, күн тәртібіндегі мәселе-«Қарапайым заттар экономикасын» дамытуда атқарылған шаралар талқыланды. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорттың үлесі төмендейді.  Тұтынушылар тарапынан отандық өнімге қызығушылық артқан.  2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 процентке өсті дейді министр.

Бұл орайда бір ай мерзімде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасын жетілдіру қажеттігі айтылды. Премьер-министрдің айтуынша, Қызылорда және Атырау облыстарында көптеген мақұлданған жобаға әлі күнге дейін субсидия берілмеген. Осыған байланысты әкімдерге мақұлданған жобалар іске асырылғанша оларды жедел қолдауды қамтамасыз ету шаралары қабылдауды жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.