Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Игерусіз қалған қаржы

c 19:03, 10/11/2020 c 568

0:00 / 0:00

Республикалық бюджеттің шығыстары 11 трлн 284 млрд теңгені құрады. 32 млрд теңге бойынша жұмыс атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 8 млрд теңге болса, 24 млрд теңге игерілмей қалған. Қаржы министрінің мәліметінше бірқатар министрліктер мен облыстар қазына қаржысын игеріп үлгермей жатыр. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы 2,3 млрд теңгені игермеген. Бюджет қаражатының атқарылу барысы бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында талқыланды. Үкімет отырысынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Үкіметтің дәстүрлі отырысында әдеттегідей министрлер жарыса баяндама жасап, ел экономикасының даму барысы, қазына қаржысының дұрыс атқарылуы жайында есеп берді. Ең алғашқы болып экономиканың күй-жайын баяндаған министр Дәленовтің айтуынша, биыл бірінші жартыжылдықта әлемдік инвестиция көлемі 2 есеге төмендеген. Кейбір мемлекеттерде шектеу шаралары қайта күшейтілді. Бұл пандемияның салдары еліміздің кей салаларда дамуды тежеп отыр. Ағымдағы жылы жалпы ішкі өнім 2,9 пайызға төмендеді.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың баяндамасы баяғы жартас сол жартас. Кей мемлекеттік органдар мен облыстар бюджеттен милллиардап ақша сұрайды да, игеруге келгенде ақсап жатады.  Жалпы  республикалық бюджеттің шығыстары 11 трлн 284 млрд теңгені құраса. Оның 32 млрд теңгесі бойынша жұмыс атқарылмаған. 8 млрд теңге үнемделсе, 24 млрд теңге игерусіз қалған. Осыны айтып шағымданып отырған қаржы министрлігінің өзі қаражатты толық игере алмай отыр.

Қаражатты  толық игермеуде өңірлер де қалыс қалып отырған жоқ. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласы миллиардтарды игеріп үлгермей жатыр.  Экономикалық дағдарыс, қауіпті індеттің таралуының екінші толқынына дайындық қазынадан қыруар қаржы талап етіп, шығынға батырып жатыр. Мұнай шикізатына аузын ашып үйреніп қалған  үкімет кез-келген тығырықтан шығуда ел болашағы үшін құрылған Ұлттық қордан ақша тартуда.  Еліміздің бас банкирі болса, тек бір айда ұлттық қор бір миллиард долларға азайып қалды деп дабыл қағуда.

Өз кезегінде премьер-министр аты аталған министрліктер мен  әкімдерге елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін аянбай жұмыс істеп, бюджет қаржысын тиімді игеруді жіті тапсырды.  Ал жылдың аяқталуына бір жарым ай ғана уақыт қалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.