0:00 / 0:00
Оралдық спортшылар Астана төрінде ұйымдастырылған әлем чемпионатынан олжалы оралды. Елордада қазанның 7-сі мен 12-і аралығында грэпплингтен әлем чемпионаты өтті. Тартысты жарысқа 31 елден спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде батысқазақстандық спортшылар өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыста Алмас Ихсано, Серік Қартабаев, Асхат Шандозтегі мен Қайнар Жеңісов үздіктердің қатарынан табылды. Ал ардагер спортшылардың арасында белдескен Батырбек Ихсатов әлем чемпионы атанды.
Оралдық спортшылар грэпплингтен әлем чемпионатына қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. 5 күн бойы елорда төрінде ұйымдастырылған сайыста батысқазақстандық спортшылар ел намысын қорғап, үздіктер қатарынан табылды.
Батырбек Ихсатов, үш дүркін әлем чемпионы:
-Ардагерлерден алтауымыз бардық. Соның бәрі де жүлделі орын алып келді.Қартабев Серік 3 орын алды. Сосын Ихсанов Алмас 2 орын алды.
+Қарсыластарым Аллаға шүкір бәрі де жақсы болды. Екі видтан күресіп, 4 схатка істеп келе жатырмын,-дейді.
Ақжайықтың спортшылары чемпионатта емін-еркін өнер көрсетіп, байрақты бәсекеге қатысып, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуі үшін белгілі кәсіпкер Серік Мерғалиев көмек қолын созды. Жеңімпаздар атымтай жомарт жанның қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.
Батырбек Ихсатов, үш дүркін әлем чемпионы:
-Демеушілік көрсеткен біздің Серік ағамызға, Мерғалиев Серік Роллановичке алғысымды айтқым келеді. Жарысқа баруымызға себепші болды. Алла разы болсын. Ол кісіге де аманшылықта жүрсін. Семьясы, бала-шағасына аманшылық тілейміз бәрімізде. Осы жігіттердің бәріне демеушілік көрсетіп, риза болып жатырмыз бәрімізде,-деді.
Әлем чемпионаты 4 жас ерекшелік бойынша өтті. Мұнда жасөспірімдер, кадеттер, жастар және ардагер спортшылар бақ сынады. Солардың бірі- батысқазақстандық Қайнар Жеңісов. Ол әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы белдесулердің оңайға соқпағанын айтады.
Қайнар Жеңісов, спортшы:
-Өте жақсы болды. 30 елден аса бүкіл шетелдерден келді.Жақсы деңгейде өтті жарыс. Қиын болды иә. Жартылай финалды орыс балуанынан жеңіліп қалдым.Жалпы қиын болды. Дайындық болды. Қазақстанның іріктеуінен өттік,-дейді.
БҚО-да грэпплинг спорты қарқынды дамып келеді. Осы спорт түрімен 1000-ға жуық спортшы шұғылданады. Елімізде алғаш рет грэпплингтен әлем чемпионаты 2018 жылы ұйымдастырылды. Араға алты жыл салып, елорда 1800-ден астам спортшыны қарсылады. Жыл санап жарыстың ұйымдастырылу деңгейі мен оған қатысатын спортшылардың дайындығы артып келеді. Батысқазақстандық құрама дайындықтарын пысықтап, түрлі сайыста ел намысын қорғамақ!