Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Генерал Нұрлан Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады және өзіне жала жапқандарды жазалауды талап етті

c 00:00, 27/02/2015 c 684

0:00 / 0:00

Жұма күні өткен сот отырысында Шекара қызметінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Жоламанов соңғы сөзін айтты. Генерал бұл жолы да өз кінәсін мойындамады. Өздеріңізге мәлім, Жоламановқа "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" және "аса ірі көлемде пара алды" деп айып тағылуда. Прокурор Жоламановты осы қылмысты жасағаны үшін 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр. Айта кетейік, Нұрлан Жоламанов 2014 жылы қазанның 27 күні ұсталғанды.Ол 2013 жылдың қаңтарынан бастап қамауға алынғанға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметін басқарып келді. Осы істе Жоламановпен бірге сотталып жатқан, Алматыдағы 2458 әскери бөлімінің бұрынғы командирі Қайрат Балмағамбетов болса сотта өзіне тағылған "аса ірі көлемде пара алды" және "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды" деген айыптарды мойындады. Сондай-ақ,ол өзіне "ешкім қысым көрсетпегенін", "жемқорлықпен күресуге шешім қабылдағанын" айтып, көзіне жас алды. Оның қорғаушысы да бұл айыптармен келісті.Ал, Жоламановтың үш адвокаты генералға тағылған айыптарды теріске шығарды. Генералдың өзі де оған тағылған айыпты мойындамады. Және оған жала жапқандарды жазалауды талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.