0:00 / 0:00
Оралда тұрмыстық газдың жарылуынан алты адам зардап шекті. 37 жасар екіқабат әйелдің денесі де осы төтенше жағдай салдарынан күйіп қалған. Науқасты жансақтау бөліміне жеткізген кезде ішіндегі 7 айлық нәрестенің жүрегі соғып тұрғанымен, 20 қарашаға қараған түні баланың тумай жатып жан тәсілім еткені белгілі болды.