0:00 / 0:00
Шарадағы мақсат- оқушыларға мамандық таңдауда бағыт бағдар беріп қана қоймай, еліміздегі жоғары оқу орындарының мүкіндігімен таныстыру.Шараға мұрындық болған «Gaudeamus» халықаралық білім беру холдингінің мұндай бастамасы алғашқы емес.Бұған дейін Ресейдің жоғары оқу орындарына арнап көрме ұйымдастырған болатын. Білім көрмесіне келушілердің арасында мектеп оқушылары басым. Олар қазірден мамандықтарын таңдап, қай жоғары оқу орнында білімін шыңдайтынын анықтап алса, болашағы үшін жақсы екенін біледі. «Gaudeamus» білім беру холдингі қазақстанның білім және ғылым саласында 10 жылдан астам жемісті қызмет атқаруда. Орталықта 40-тан астам жоғары санатты оқытушылар, сонымен қатар ғылым докторлары қажырлы қызмет етуде. Аталмыш көрме толық 7-8 сағатты қамтып, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс шаралар легі қарастырылған. Мұнда екінші білім алу мүмкіндіктері және кәсіби деңгейді көтеру мүмкіндіктері бойынша да толыққанды мәлімет алуға болады. Ел болашағы - жас өрендерге арналған мұндай игілігі мол шара өз жалғасын таба бермек.