Экспедицияның мақсаты -"Күй атасы" атанған ұлы күйші, композитор, дәулескер домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінің шығу тарихын зерттеу, тарихи тұлғаның өмір деректерін нақтылап, жинау болатын. Олар БҚО-ның Қаратөбе, Жаңақала, Жалпақтал аудандары мен РФ Астрахань облысы Володар ауданы, Алтынжар ауылын аралап, біраз сырға қанығып қайтып отыр. Бүгін БАҚ өкілдеріне құнды мәліметтер жиған экспедиция мүшелерімен кездесу бақыты бұйырып, Ұлттық мұраны қастерлеушілердің өз ауыздарынан тың деректерге қанықты.