Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратадан басым түсіп, екі чемпиондық белбеуін қорғап қалды. 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында кәсіпқой бокс кешінде 40 жастағы Головкин 36 жастағы Муратаны жеңді. 9-раундта жапон боксшысы рингте құлап, секунданттары шаршы алаңға ақ орамал лақтырды. Оның бұл бәсекесі үшін бәс тіккендер аз болмады. Солардың бірі - Оралдық Ержан Серікұлы Лада Приора көлігін бәске тіккен.Бұл кәсіпқой боксшы рингке шыққанға дейінгі түсірілген видео. Оралдық Ержан Серікұлы әлеуметтік желіде боксшының 6-7 және 8-ші раундта жеңіске жететін айтып, темір тұлпарын бәске тігуде. Алғашқы раундтарда екі боксшы тең дәрежеде жұдырықтасқанымен төртінші раундтан бастап Головкин соққыларды үдетіп, басымдықты оз қолына алды. 8-раундта Гена шабуылдар сериясына көшіп, Мурата қорғанумен болды. Ал 9-раундта Головкиннің қатты соққылары тіпті күшейіп, Муратаның ешқандай шабуыл жасауға мүмкіндігі болмады. Раунд ортасында Мурата рингте тәлтіректеп құлады да, шаршы алаңға ақ орамал тасталды. Ал әлеуметтік желіні шулатқан Ержан Серікұлы жеңіс үшін тіккен көлік туралы оқиғаны жоққа шығарды.Головкин араға 16 ай салып рингке оралды. Ол бұған дейін 2020 жылы желтоқсанда польшалық Камил Шереметаны уақытынан бұрын жеңген еді. Ал Мурата 2019 жылдың желтоқсанынан бері алғаш рет жекпе-жек өткізді.