Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ғ. Есқалиев қоғамдық кеңес алдында есеп берді

c 17:24, 15/02/2021 c 504

0:00 / 0:00

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қоғамдық кеңес мүшелерінің алдында өткен жылы өңірде атқарылған жұмыстарды саралап өтті. Аймақ басшысы өңірде көгілдір отынмен қамту мәселесі түбегейлі шешілгенін, ал ауыз сумен қамтуда проблемалардың бар екенін жасырмады. Өткен жылдың тоғыз айлық қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 1,9 трлн. теңгені құрады. Сонымен қатар жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өнім өңдірісі 3,7% өсті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 0,3% артып, 176,4 млрд. теңгені құрады. Жыл ішінде 529,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір жылда 20 мыңға жуық жұмыс орындары ашылып, 11 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жергілікті бюджетке 109,3 млрд. теңге қаражат түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 10,8%-ға өсті,-деді Ғ.Есқалиев өз баяндамасында.
Мұнан соң өңір басшысы өнім өндіру, инвестиция тарту, агроөнеркәсіп кешені, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, құрылыс, жол салу, халықты әлеуметтік қорғау, білім мен денсаулық, спорт секілді маңызды салаларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Мәселен, агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша соңғы екі жылда 922 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылса, 542 мың гектар жер қайта игеріле бастаған. Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі өткен жылдың 3 тоқсанында 25%-ға өсіп, 1,8 млн. теңгеге дейін жеткен. Салаға салынған инвестициялар көлемі алдынғы жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 24 млрд. теңге құраған. Ал облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен 20 миллиардтан астам қаражат бөлінсе, оның 70%-ы агроөнеркәсіп саласын қолдауға бағытталған субсидияларға жұмсалыпты.Аудан-ауылдардағы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында да бірқатар жұмыстар атқарылған. Бұл сала бойынша өткен жылы 42,3 млрд. теңгеге автомобиль жолдарының 436 шақырымы жөңделген. Биыл Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жолдарын жөңделуін жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 20 млрд. теңге бөлінген.Жасыссөзге қатысқан кеңес мүшелері мектептер мен балабақшаларды жөндеу, үш аусымда оқитын білім ошақтарын жою, сапалы жолдар салу, елді мекендерді көгілдір отын және сапалы ауыз сумен толықтай қамту, өзен-көлдерге су жеткізу секілді өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің есебін тыңдаған қоғамдық кеңес мүшелері алдағы уақытта бірқатар мәселелерге назар аудару қажет екенін тілге тиек етті. Мәселен, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Жаңабек Жақсығалиев ауданішілік жолдарды жөндеуге көңіл бөлу керек деп еептейді. Атап айқанда Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты мен Саралжын елдімекендерін ауданмен байланыстырушы жолдардың жәйі өте нашар. Бұл ауылдарда тұрғындардың бір жерде тұрақтануы себепті демографиылық жағдай тұрақты. Сол себепт жол мәселесі жылдың төрт мезгілінде де өзекті мәселе дейді. Облыс әкімі әр сауалға тұшымды жауап қайтарып, айтылған түйіткілдерді шешу жолы қарастырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ кеңейтілген кеңес отырысында облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның, аталған кеңес төрағасы Ербол Салықовтың есебі тыңдалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.