Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Футзалдан «Children’s League» турнирі қорытындыланды

c 18:04, 21/05 c 2

20 мамыр күні "Жайық Арена" спорт кешенінде балалар арасында футзалдан «Children’s League» турнирінің финалдық кезеңі өтті. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен футзал қауымдастығы ұйымдастырған. облыстық футзал қауымдастығының президенті Жасын Хабибуллиннің айтуынша аталмыш шара жасөспірімдерді спортпен шұғылдауға насихаттау мен салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған.  Жарыс балалардың техникалық және тактикалық дағдыларын жетілдірумен қатар, олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға, жаңа достар табуына себеп болды.
Жарысқа 2011-2012 және 2013-2014 жылы туған жасөспірімдерден құралған 14 команда қатысты. Жүлде қоры - 500 000 теңге, үздік 6 командаға таратылды. Сондай-ақ үздік жаттықтырушыға 30 000 теңге көлемінде арнайы сыйлық қарастырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.